Әл-Фарабидегі шулы апат: полиция заңгер Әділетхан Молдаханның қамалуына қатысты пікір білдірді

Фото: видеодан кадр

Алматы қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби даңғылындағы ауыр жол көлік апаты жайлы айтқан заңгер Әдіхан Молдаханның қамалуына қатысты пікір білдірді. Заңгердің үстінен ҚР ҚК 274 — бабының (Көрінеу жалған ақпарат тарату) 2- бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда», — деп мәлімдеді QazaqToday.infoпорталының сұрауына жауап берген Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Заңгердің қылмысы дәлелденсе, ол үш жылға дейін сотталуы мүмкін.

 

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика