Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Мысыр Араб Республикасын сапарға баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен алып тастады. Бұл шешім елдегі ахуалдың тұрақтылығы мен әуежайлар мен туристік аймақтарды қосқанда, азаматтық инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуіне байланысты қабылданды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Сонымен бірге ведомство Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайдың сақталуына және аймақтағы бірқатар мемлекеттің әуе кеңістігін мезгіл-мезгіл жауып тастауына байланысты бірқатар елге сапар шегуден бас тарта тұруға кеңес береді.
«Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайдың сақталуына, сондай-ақ аймақтағы бірқатар мемлекеттің әуе кеңістігін мезгіл-мезгіл жауып тастауына байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ахуал толық тұрақталғанға дейін Бахрейн, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Катар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирия сияқты елдерге кез келген сапардан бас тарту туралы ұсыныстары әлі де күшінде», — деп хабарлады ведомство.
Фото: Әлеуметтік желіден
