Қылмысы көп Қазақстан: Қарағандыда сүйіктісі мен қызын өлтірген жігіт өз-өзіне қол жұмсады

Фото: instagram.com/kerekemes_kz

Қарағанды облысында экс-сүйіктісі мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданында жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде Қарағанды қаласында болған қылмысқа қатысы бар деген 39 жастағы ер адамның мәйіті анықталған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ол өз атына тіркелген қарумен өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика