Семейде жаңа төселген жол қирап жатыр: бюджет қайда кеткен

Семей қаласында Абай атындағы театрға, мәдениет нысандарына баратын жолдың жағдайы тұрғындардың наразылығын тудырды.

Жол жиегіне төселген тас плиткалар үгітіліп, жан-жаққа шашылып жатыр.

Кей жерлері шұңқырға айналып, жаяу жүргіншілер үшін қауіпті болып қалған.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жол жөнделгеніне көп уақыт өтпесе де, сапасы сын көтермейді.

Әсіресе мәдениет ошағына баратын аумақтың осындай күйде жатқаны жұрттың ашуын туғызған.

Куәгерлер жолдың сапасыз төселгенін айтып, мердігер жұмысына күмән келтіреді.

Желі қолданушылары «бюджеттен ақша бөлінеді, бірақ нәтиже көрінбейді» деп жазып жатыр.

Қала әкімдігі бұл аумақты қабылдап алды ма, әлде жөндеу толық аяқталмаған ба әзірге белгісіз.

Тұрғындар жауапты мекемелерден жолды қайта жөндеп, сапасына нақты бақылау жасауды талап етуде.

Видео : arnapress_news.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика