«Қазақмыстағы» өзгерістер: кейбір компаниялар топ құрамынан шықты

Фото: Максим Морозов

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қатысушыларының құрамындағы өзгеріске байланысты корпорация Топ активтерінің бір бөлігін қайта ұйымдастыру жөніндегі мәміленің аяқталғанын хабарлайды. Бұл шешім бизнес құрылымын оңтайландыруға, басқарудың ашықтығын арттыруға және жұмыстың бейінді бағыттарына басымдық беруге бағытталған.

Мәміленің нәтижесінде Топ құрамында жұмысын жалғастыратын компаниялардың жаңартылған құрылымы қалыптастырылды. Оның құрамына келесі заңды тұлғалар кіреді:
• «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
• «Maker (Мэйкер)» ЖШС
• «Kazakhmys Barlau (Казахмыс Барлау)» ЖШС
• «Kazakhmys Smelting (Казахмыс Смэлтинг)» ЖШС
• Kazakhmys Maintenance Services (Казахмыс Мэйнтенанс Сервисиз)» ЖШС
• «Медицинский центр Жезказган» ЖШС
• «Авиакомпания Жезказган-эйр (ZHEZAIR)» АҚ
• «Zhanashyr Project (Жанашыр Проджект)» ЖШС
• «Kazakhmys Development (Казахмыс Девелопмент)» ЖШС
• «Итауыз Project» ЖШС
• «Профессиональная военизированная аварийно-спасательная служба Партнер» ЖШС
• «Mineral operating» ЖШС
• «Даутбай PROJECT» ЖШС
• «Тамды-Саинбулак Project» ЖШС
• «Kazakhmys Progress (Казахмыс Прогресс)» ЖШС
• ЖМ «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі
• ЖМ «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі
• «Дюсембай Project» ЖШС
• «Алтынказган Project» ЖШС
• «Идыгей Project» ЖШС
• «Бенкала Cuprum Project» ЖШС
• «SN Mining» ЖШС
• «BM Mining» ЖШС
• «СП Жетымшокы» ЖШС
• «North Nurkazgan Project (Норт Нурказган Проджект)» ЖШС
• «QazREM Mining» ЖШС
• «Qazaq Geophysics (QG)» ЖШС
• «GEMSTONE-KZ» ЖШС
• «Creative Ulytau» ЖШС
• «FZE KZ (ФЗЕ КЗ)» ЖШС
• «Жамбылмыс» ЖШС
• «Университет Улытау» КЕАҚ

Сонымен қатар меншік құрылымындағы өзгеріске байланысты бірқатар компания Корпорацияның қазіргі қызметіне кірмейді және өзге заңды тұлғалардың меншігі болып табылады.

Мұндай компанияларға мыналар жатады:
• «Kazakhmys Energy» (Казахмыс Энерджи)» ЖШС
• «Kazakhmys Distribution» (Казахмыс Дистрибьюшн) ЖШС
• «Kazakhmys Coal» (Казахмыс Коал) ЖШС
• «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС
• «Топар бас энергия тарату станциясы» ЖШС
• «Қазақмыс сақтандыру компаниясы» АҚ
• «KM Life» ӨСК» АҚ
• «КАЗБЕЛАЗ» БК ЖШС
• «ЖЕЗҚАЗҒАН ТАРАТУШЫ ЭЛЕКТР ТОРАБЫ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС

Корпорация аталған ұйымдардың қызметіне қатысты барлық мәселе оның жауапкершілік аймағына кірмейтініне және тікелей олардың меншік иелері мен басшылығына жолдануы тиіс екеніне назар аударды.

Мәміленің іске асырылуы өндірістік қызметке, жұмыскерлер, серіктестер және мемлекеттік органдар алдындағы міндеттемелердің орындалуына әсер етпейді. Барлық негізгі үдеріс штаттық режимде жұмыс істейді.

Компания өнеркәсіптік қауіпсіздік, тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына берік екенін атап өтіп, бұрын жарияланған инвестициялық бағдарламаларды іске асыруды жалғастырады.

Мәміле туралы қосымша ақпарат қолданыстағы заңнама мен корпоративтік міндеттемелерде көзделген көлемде жариялануы мүмкін.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика