Маңғыстау облысында Каспий теңізі маңында құстардың жаппай қырылуы тұрғындарды алаңдатып отыр.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жағалау бойында жатқан аққулар мен басқа да құстардың өлекселері анық көрінеді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өлген құстар бірнеше жерден табылған.
Таңертең аққулардың бір бөлігі жиналып, аумақтан шығарылғанымен, басқа құстардың өлекселері әлі жатыр.
Бұл жағдайдың себебі нақты белгісіз, бірақ тұрғындар экологияға зиян келген болуы мүмкін деп күдіктенеді.
Көпшілік мұнай, лас су немесе улы қалдықтар әсер етуі мүмкін деген болжам айтып жатыр.
Алайда құзырлы органдар әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Экологтар мұндай жағдай теңіздегі тепе-теңдік бұзылғанын көрсетуі мүмкін екенін айтады.
Тұрғындар тексеріс ашық жүргізіліп, нақты себеп жариялануын талап етуде.
Видео: mangystau.today / mangistau.news
