Астана-Алматы тасжолында автобус жүк көлігіне соғылды: бір адам қаза тапты

Қарағанды облысында жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 21 наурызда Астана – Алматы тасжолында болған. Сарышаған кентінің маңында 49 жастағы жүргізуші басқарған автобус жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігіне соғылған. Апат кезінде автобус салонында 33 жолаушы болған.

Соққы салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілерге демалыс режимін сақтап, жолда аса мұқият болу қажеттігін ескертті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика