«Енді кімге еркелеймін?»: Әнші Qanay тағы да қара жамылды

Фото: qanay.913 парақшасынан

«Qanay» лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай отбасындағы қаралы хабарды айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Белгілі болғандай әншінің анасы қайтыс болған.

«Енді кімге еркелеймін?», — деп жазған ол желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Нұрболат Қанай қаңтар айының ортасында әкесінен айырылғанын айтып, суық хабарын жеткізген еді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика