Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум аяқталып, алғашқы экзитпол нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, дауыс беруге қатысқан азаматтардың басым көпшілігі Ата заңға енгізілетін түзетулерді қолдаған. Мәселен, алғашқы экзитпол қорытындысы бойынша, референдумға қатысушылардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деген жауапты таңдаған.
Ал «Социс-А» зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі бұдан да жоғары көрсеткішті көрсетті.
«Сауалнамаға қатысқандардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді», — делінген зерттеу қорытындысында.
Ресми деректер бойынша, жалпыхалықтық дауыс беруге ел азаматтарының 75,3%-ы қатысып, белсенділік танытқан.
Фото: Әлеуметтік желіден
