Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты

Фото: Майк Хевитт | Getty Images

Турнир аяқталған соң Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атануы мүмкін. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (№3) АҚШ-та Indian Wells Open турнирінің төртінші айналымында Ұлыбритания теннисшісі Сонай Карталға (№54) қарсы ойында жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Алғашқы сет 6:4 есебімен аяқталды. Ал екінші сетте Картал жарақатқа байланысты ойынды жалғастыра алмады. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды. Осылайша қазақстандық теннисші келесі кезеңге жолдама алды.

Рыбакина енді ширек финалда америкалық Джесика Пегулаға қарсы ойнайды. Кездесу 13 наурызда таңғы сағат 5:00-де өтеді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 18,8 млн доллар (шамамен 9,4 млрд теңге). Жеңімпаз 1,2 млн доллар (шамамен 585 млн теңге) сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай алады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика