«Алиментке бердім»: Мөлдір Әуелбекова ұлының әкесі туралы жазды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Әнші Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуі, Салтай ұлының әкесі хабарласқанын айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Әншінің жазуынша, бұрынғы жолдасы кешірім сұрап, баласына қамқор болып, шығындарын өз мойнына алатынын жеткізген.

«Махаббат… Бүгін Салтайдың әкесі хабарласты… Өткен-кеткенге кешірім сұрады… Балаға Әке болып, қамқор боламын деді… Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтты… Кештім… Алла үшін… Ұлым үшін… 10 жылға созылған ренішім сейілгендей… Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім — сіздерге рақмет», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Еске салсақ, Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы Арыстан есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққан еді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика