Ресейлік Су-30 жойғыш ұшағы Атырау қаласының әуежайына шұғыл қонды. Оқиға 20 ақпанда Каспий теңізінің үстінде оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери ұшақтың ұшқышы бағдарынан жаңылып қалған. Осыған байланысты ол жақын маңдағы әуеайлаққа қонуға мәжбүр болды.
Ұшақ аман-есен қондырылды. Бұл оқиға Атырау әуежайының жұмыс кестесіне еш әсер етпеді, барлық рейстер уақытылы орындалды.
Ұшқышқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті келіссөздер жүргізілгеннен кейін Су-30 ұшағы Ресейге қайта ұшып кетті.
Фото: Әлеуметтік желіден
