Ұлын батареяға байлаған ана: сот оны есі дұрыс емес деп таныды

Жетісу облысында 4 жасар ұлын азаптаған анаға қатысты сот үкімі шықты. Сот 28 жастағы әйелді іс-әрекетіне жауап бере алмайды деп танып, оны мәжбүрлі түрде емдеуге жіберді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оқиға Жаркент қаласында болған. Тергеу деректеріне сәйкес, келіншек су шүмегін жаппай кеткені үшін 4 жастағы ұлын батареяға байлап, ожаумен ұрып-соққан. Бұл жантүршігерлік оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Сот-психиатриялық сараптама әйелдің ақыл-есі кем екенін анықтады. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, ол өз іс-әрекетінің мәнін түсініп, оны басқара алмаған.

Осыған байланысты сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, психиатриялық стационарда мәжбүрлі ем қабылдау туралы шешім шығарды.

Әйелдің 2 және 4 жастағы екі баласы қазір Талдықорғандағы Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Олардың денсаулығы мен психологиялық жағдайы мамандардың бақылауында.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика