Түркістанда азаматтық некедегі әйелін ұрлап, Шымкенттегі психиатриялық ауруханаға күштеп жатқызған ер адам 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Отбасылық жанжалдан кейін ер адам екі танысымен бірігіп, әйелдің қолын скотчпен байлап, Шымкент қаласындағы клиникалардың біріне мәжбүрлеп апарған.
Сотталушының үйін тінткен кезде жауынгерлік патрондар да табылған. Осы іске қатысқан оның екі сыбайласы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімімен олар жәбірленушіге моральдық шығын ретінде жалпы сомасы 11 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: Әлеуметтік желіден
