Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды •

    Шымкентте көлік газ құбырын жарып жіберді: жақын маңдағы үйлер зардап шекті

    Шымкентте жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік газ құбырына соғылып, жарылыс болды. Жүргізуші аман қалды, бірақ жақын маңдағы үй зардап шекті.

    Шымкентте көлік газ құбырын жарып жіберді: жақын маңдағы үйлер зардап шекті
    file_509.jpg

    Шымкенттің Базарқақпа тұрғын алабында жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік газ реттеу шкафына соғылып, артынша жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Соққыдан кейін газ-ауа қоспасы жарылып, көлік лезде отқа оранған. Қатты дүмпуден жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қатты шошынған.

    Бақытымызға орай, көлік жүргізушісі жанып жатқан темір тұлпардан өздігінен шығып үлгеріп, аман қалған.

    Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер келіп, жалынның тұрғын үйлерге таралуына жол бермей, тез арада сөндірді.

    Жарылыс толқынынан жақын маңдағы үйлердің бірінің терезелері сынып кеткені белгілі болды. Газ құбырының зақымданған бөлігі уақытша ажыратылды. Мамандар газ беруді қысқа мерзімде қалпына келтіруге уәде берді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →