Фото: видеодан скрин
Атырау облысында мал шығынына қатысты жағдай алаңдаушылық туғызды. Әсіресе Исатай ауданындағы шаруалар төрт түліктің жаппай қырылып жатқанын айтып, мәселе көтерген. Бұл жағдайға байланысты Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановқа сауал жолданып, ол аталған жайттан хабардар екенін мәлімдеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Вице-министрдің сөзінше, бүгінде Маңғыстау, Ұлытау және Атырау облыстарында жем-шөп тапшылығы өткір сезіліп отыр. Осыған байланысты өңір әкімдіктері бюджет мүмкіндігіне қарай субсидия бөлу мәселесін қарастыруда.
Айта кетейік, Атырау облысында соңғы екі жылда дәл осы бағыттағы субсидиялау тоқтатылған.
