Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді •

    Елімізде ислам ипотекасы пайда бола ма?

    Елімізде ислам ипотекасы пайда бола ма?

    Фото: видеодан скрин

    Отбасы банк ислам ипотекасын іске қосуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның айтуынша, банк халықтан түсетін барлық сұранысты назарда ұстайды, соның ішінде баспананы исламдық қаржы құралдары арқылы алу жөнінде өтініштер де бар. Діни қағидаларды ұстанатын азаматтардың сұранысына байланысты бұл мәселе қазір жан-жақты пысықталып жатыр. Алайда жобаның нақты қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз. Холдинг басшысы бұл бағытта халықаралық қаржы институттарымен меморандумдар жасалғанын, қазір тетіктері зерттеліп жатқанын айтты.

    Сонымен қатар мұндай сервисті енгізу мүмкіндігі де талқылау кезеңінде. Рустам Қарағойшиннің сөзінше, Отбасы банктің қазіргі жүйесі жинақтаушы модельге негізделген және немістің құрылыс жинақ жүйесіне ұқсас. Ал ислам ипотекасының қаржыландыру қағидаты бұдан өзгеше болғандықтан, алдымен барлық айырмашылықтар мен тетіктер толық сараланады. Соның нәтижесінде ғана түпкілікті шешім қабылданады. Бұған дейін Отбасы банк ислам ипотекасын енгізу мәселесін қарастырып жатқаны хабарланған. Қаржы институты осы бағытта пәкістандық Meezan Bank Limited банкімен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →