Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті •

    Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде басты фаворит: алғашқы ойыны қашан?

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуін аустралиялық Кимберли Бирреллге қарсы өткізеді.

    Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде басты фаворит: алғашқы ойыны қашан?
    file_507.jpg

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 сериясының ірі турнирінде алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Әлемнің үшінші ракеткасы атанған отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы – әлемдік рейтингте 94-орында тұрған аустралиялық теннисші Кимберли Биррелл.

    Сарапшылар бұл кездесуде Елена Рыбакинаның жеңіске жету мүмкіндігі әлдеқайда жоғары екенін айтып, оны айқын фаворит санайды. Былтыр Рыбакина осы турнирдің жартылай финалына дейін жеткен болатын.

    Кездесу бүгін, 17 ақпан күні, Астана уақытымен шамамен 20:00-де басталады. Дубайдағы жарыстың жалпы жүлде қоры 4 миллион доллардан асады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →