Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде басты фаворит: алғашқы ойыны қашан?

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 сериясының ірі турнирінде алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Әлемнің үшінші ракеткасы атанған отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы – әлемдік рейтингте 94-орында тұрған аустралиялық теннисші Кимберли Биррелл.

Сарапшылар бұл кездесуде Елена Рыбакинаның жеңіске жету мүмкіндігі әлдеқайда жоғары екенін айтып, оны айқын фаворит санайды. Былтыр Рыбакина осы турнирдің жартылай финалына дейін жеткен болатын.

Кездесу бүгін, 17 ақпан күні, Астана уақытымен шамамен 20:00-де басталады. Дубайдағы жарыстың жалпы жүлде қоры 4 миллион доллардан асады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика