Әр төртінші қызметкер — зумер: сарапшы бизнес кадрлық моделі қалай өзгеріп жатқанын айтты

Фото: Shutterstock.com

Еңбек нарығының контуры өзгеруде: миллениалдардың басымдығынан біртіндеп Z буынына қарай ығысуда. Бүгінде зумерлер Қазақстан жұмыс күшінің төрттен бірін құрайды – бұл шамамен 4,5–5 миллион адам.

HR саласының сарапшысы Арман Шоқпаровтың айтуынша, егер 2018 жылы олардың үлесі небәрі 13% болса, алдағы 3–5 жылда ол экономикалық белсенді халықтың 45–50%-ына жақындауы мүмкін екенін саралады, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы.

“Зумерлердің жұмысқа көзқарасы немен ерекшеленеді? Кейбіреулер олар бір орында тұрақтамайды, еңбекқорлығы төмен дейді, бірақ менің бақылауым мен олармен қарым-қатынас тәжірибем керісінше екенін көрсетеді. Зумерлердің жаңалыққа бейімделгіштігі жоғары, дәстүрлі авторитеттерге тәуелділігі төмен және басқарудағы жабық шешімдерге төзімі аз”, — деді Шоқпаров. 

Арманның пікірінше, олар миллениалдар сияқты-ақ еңбекқор, креатив пен жаңашылдық әкелуге дайын, бірақ тек өз құндылықтарына, мәдениетіне және өсу мүмкіндіктеріне сай келетін «өз» орнын сезінсе ғана. Халықаралық HR-зерттеулерге сәйкес, зумерлердің 60%-дан астамы икемділікті және корпоративтік мәдениетті жалақы деңгейінен жоғары қояды.

“Бірнеше ЖОО-ның соңғы курс студенттерінен мен мынадай пікірді жиі естідім: «Неге компаниялар атынан бізге жас қызметкерлер келмейді? Олар болашақ жұмысты бізге қызықты форматта дәл жеткізе алар еді», — деді ол.

Сондай-ақ жас кандидаттар өз буыны өкілдерінен келетін коммуникацияны ықыласпен қабылдайды: peer-коммуникацияға деген сенім деңгейі 60–70%-дан асады”.

Сарапшының айтуынша, жас буын жұмысты жиі ауыстыруға да сабырлы қарайды. Зумерлердің бір компаниядағы орташа жұмыс мерзімі 1,5–2 жыл, бұл миллениалдарға қарағанда шамамен екі есе аз. Сонымен қатар, бір қызметкерді алмастыру компанияларға оның жылдық табысының 20–50%-ына түседі.

Параллель түрде кәсіпкерлік вектор да күшейіп келеді. 18–24 жас** аралығындағы жастардың шамамен 30%-ы* классикалық* мансапқа балама ретінде жеке бизнес бастауды қарастырады, әсіресе digital-сегменттерде, креатив индустрияларда және онлайн-саудада.

“Жұмыс берушілер үшін бұл жас қызметкерлердің мансаптық тректеріне көзқарасты қайта қарауға тура келеді дегенді білдіреді: мансаптың ерте кезеңдерінде оларға көбірек жауапкершілік пен автономия беру қажет. Зерттеулерге сәйкес, Z буыны жұмысқа кірген алғашқы 12–18 айдың өзінде мансаптық өсуді күтеді, бұл компания ішіндегі мансаптық тректерді жедел қайта қарауға итермелейді. Ал миллениалдарға жаңа еңбек нарығы ережелеріне бейімделу немесе жұмыс ортасын өз буыны ішінде не аға қызметкерлермен бірге қайта құру ғана қалады”, — деді ол. 

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика