Қазақстанда ата-аналардың екпеден жаппай бас тартуы салдарынан қызылша ауруы қайта өрши бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің дерегінше, ауру жұқтырған балалардың 79%-ы вакцина салдырмаған. Оның ішінде 59% жағдайда ата-аналардың өздері екпеден бас тартқаны белгілі болды.
Биыл екпеден бас тартудың 19 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Мамандар бұл ұжымдық иммунитеттің әлсіреуіне әкеп соққанын айтады.
Жыл ішінде ауру көрсеткіштері жалпы төмендегенімен, қараша айынан бастап инфекцияның таралуы қайтадан жеделдеген.
Осыған байланысты Алматы қаласында 6 айдан асқан сәбилерге қосымша вакцинациялау жұмыстары басталып кетті.
Фото: Әлеуметтік желіден
