Танымал әнші Роза Рымбаева Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі туралы еске алды.
Осыдан тура 25 жыл бұрын әнші Қазақстанның экс-президентінің қабылдауында болғанын айтты.
«Бір жылдары мені Нұрсұлтан Назарбаев мені қабылдады. Ол кезде сахнада жүргеніме 25 жыл толған еді. Мен сол кезде шақыртумен бардым. Мен сол кезде: «Аға, мен сізді концертіме шақырамын. Келіп арнайы қонақ болыңыз», – дедім. Жолдасым Тасқынның қазасынан кейін қатты есеңгіреп қалғам. Ол мені қолдау үшін концертіме келді. Сол кездері Нұрсұлтан Назарбаев: «Роза, не керек? Қандай көмек қажет?» – деп сұрады. Ал мен болсам «үйім кішкентай, аядай үйде тұрамын, жағдайымыз мәз емес» деп айтуға арландым. Оның орнына «аға, менде бірді-екілі мәселем болса, әкімдікке айтармын» деп жауап бердім. Мен ештеңе сұрамадым. Ол маған алғысын айтты, раушан гүлдерін сыйлады», – деді Роза Рымбаева.
