АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннен қатты аязға байланысты Украина қалаларына соққы беруді бір аптаға тоқтатуды сұрап, оның келісімін алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Трамп бұл туралы Вашингтонда өткен үкімет отырысында айтты. Оның сөзінше, бұл өтініш 29 қарашада жасалған.
«Мен президент Путиннен Киев пен басқа да қалаларды бір апта бойы атқыламауды жеке өзім сұрадым. Ол келісті. Бұл өте сыпайы қадам болды», — деді АҚШ президенті.
Алайда Мәскеу атысты тоқтату туралы келісімді ресми түрде растаған жоқ. Сонымен қатар Трамп соққылардың нақты қай күннен бастап тоқтатылатынын нақтыламады.
Дегенмен, өткен түн Киевте тыныш өтті: ресейлік дрондардың шабуылы да, жарылыстар да тіркелмеген.
