Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады •

    «Қайсар» сапына қосылған Виктор Мозестің қанша жалақы алады?

    «Қайсар» сапына қосылған Виктор Мозестің қанша жалақы алады?

    Бірақ, АПЛ чемпионы болған Виктор Мозеске қызметтік көлік берілмейді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Қайсар» футбол клубы директорының кеңесшісі Айбек Қабылша Виктор Мозестің қызылордалық клубпен жасаған келісімшартына қатысты бірқатар мәліметті жария етіп отыр. Мұны ол Nursultan Qurman YouTube-арнасында айтқан.

    Нигерияның жастар, жасөспірімдер және ұлттық құрамасында ойнаған тәжірибелі жартылай қорғаушының жалақысы ҚПЛ-дегі үздік футболшылардың айлығымен шамалас екені айтылған.

    «Жалақысының көлемі нақты жарияланған жоқ, естуімше, Нанидікінен төмен, бірақ Қазақстандағы ТОП ойыншылар деңгейіне жетеқабыл, солай ма?» деп сұрақ қойылған журналист Айбек Қабылшаға.

    Ол аңыз ойыншының жалақысы кейбір үздік қазақстандық футболшылардан да төмен екенін ескертеді.

    – Клуб басшылығы бірден төлей алатын нақты соманы ашық айтып, ешқандай алдау болмайтынын және оның отбасына барлық жағдай жасалатынын уәде еткен. Балалары үшін жеке халықаралық мектеп қарастырылған. Қазір оған стадион маңынан баспана дайындалып жатыр, Бұл – коттедж емес, төрт бөлмелі пәтер. Қызметтік көлік берілмейді, оған ойыншының өзі келісіп отыр. Қаласа, жеке көлігімен жүре алады, шектеу жоқ, десе де отбасына жеке жүргізуші қарастырылмаған. Виктор Мозестің жұбайы мен екі баласы бар, – деді ол.

    Айта кетейік, АПЛ чемпионы Виктор Мозес «Қайсар» клубына 24 қаңтарда ресми түрде ауысқан еді. Бұған дейін отандық спорт парақшаларында Нанидің жалақысы 35 миллион теңге екені туралы жазылды. Ал Мозестің жалақысы оның жартысы ғана болуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →