Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда 1 қазаннан бастап су тарифі өзгереді • «Қасына алып жұбатудың орнына…»: Мөлдір Анарбаева Маңғыстаудағы жағдайға пікір білдірді (ВИДЕО) • Қазақстан мен Қытай бірлесіп Орталық Азия мен Еуропа нарығына шығуы керек — Президент • Маңғыстаудағы трагедия: аман қалған сарбаздың әкесі пікір білдірді • Каспийде қаза тапқан үш әскери қызметшінің денесі Оралға жеткізілді • Қазақстандық мерген Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Алматыда 1 қазаннан бастап су тарифі өзгереді • «Қасына алып жұбатудың орнына…»: Мөлдір Анарбаева Маңғыстаудағы жағдайға пікір білдірді (ВИДЕО) • Қазақстан мен Қытай бірлесіп Орталық Азия мен Еуропа нарығына шығуы керек — Президент • Маңғыстаудағы трагедия: аман қалған сарбаздың әкесі пікір білдірді • Каспийде қаза тапқан үш әскери қызметшінің денесі Оралға жеткізілді • Қазақстандық мерген Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды •

    «Бір сәтте күнәһар, тәкаппар, жауыз атандым»: Бағжан Октябрь Меккедегі әрекетіне қатысты жауап берді

    «Бір сәтте күнәһар, тәкаппар, жауыз атандым»: Бағжан Октябрь Меккедегі әрекетіне қатысты жауап берді
    Фото: clvdeex/instagram

    Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен танымал виолончелші Бағжан Октябрь жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазіргі таңда Меккеде қажылық жасап жүрген өнерпаз TikTok желісіне көңілді клубтық әуенмен видео жүктеген. Бұл әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырып, көпшілік тарапынан сынға ұшырады.

    Осыған байланысты Бағжан Октябрь Threads парақшасында жазба қалдырды.

    «Threads-та бір сәтте жауыз болып шыға келіппін… Егер біреудің көңіліне тиген болсам, кешірім сұраймын. Алда екі күнім бар. Телефонымды чемоданға салып, өзіммен оңаша қалып, дұға жасап жалғастырайын», – деп жазды ол.

    Сондай-ақ музыкант бұл жағдайды өмірлік сынақ ретінде қабылдағанын айтты.

    «Еш жаман ойсыз, күнде қолданатын TikTok дыбысына видео салған едім. Ұйқыдан тұрып қарасам, желіде шу басталып кетіпті. Бір сәтте күнәһар, тәкаппар, жауыз атанып шыға келдім. Иә, мүмкін қателескен шығармын – мойындаймын. Егер солай болса, жауапкершілігін өз мойныма аламын. Өмірімде ешкімге қиянат жасаған емеспін, тіпті жәндікке де зияным тимеген. Мұның бәрін сынақ деп қабылдаймын. Осындай сәттерде адам шыңдалады», – деп жазды өнерпаз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →