Министр Сәпиев дауына нүкте қойды: «Оның спортшы екеніне мән берудің қажеті жоқ»

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы шулы жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Екі шенеунік арасындағы кикілжің 21 қаңтарда Қарағандыда болған. Серік Сәпиевтің айтуынша, жанжалға орынбасарының кадрлық саясатқа заңсыз араласу әрекеті себеп болған.

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте министр бұл оқиғаны спортшымен байланыстырмауға шақырды.

«Менің ойымша, бұл оқиғаның нақты спортшымен болғанына баса назар аударудың қажеті жоқ. Бұл – әкімдікте болған жағдай. Қазір Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тергеу жүргізіп жатыр, қорытындысы бойынша бізге хабарлайды», – деді Ербол Мырзабосынов.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика