АҚШ-тағы қаһарлы қыс: 12 адам қаза тапты, 700 мыңнан астам тұрғын жарықсыз отыр

АҚШ-та қысқы дауыл күшейіп, кемінде 12 адамның өмірін қиды, ал 700 мыңнан астам тұтынушы әлі күнге дейін жарықсыз отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Табиғи апат кезінде елде рекордтық деңгейде қар жауды. CNN телеарнасының мәліметінше, кейбір аумақтарда қардың қалыңдығы 79 сантиметрге жеткен. Жалпы, 18 штатта қар жамылғысының биіктігі 30 сантиметрден асты.

Нью-Йорк қаласының билігі өткен демалыс күндері жеті адамның қайтыс болғанын хабарлады. Олардың бірнешеуі бұрын баспанасыздарға арналған орталықта тұрған. Мамандардың болжамынша, олардың өліміне аяздан үсіп қалу себеп болған.

«Кентукки штатында дауылдан үш адам көз жұмды. Канзас штатының шығысында тағы бір әйел адам аяздан үсіп қайтыс болса, Техас штатындағы Остин қаласының мэрі де бір адамның қаза тапқанын растады», — делінген ресми хабарламада.

Қатты аяз бен жауын-шашын салдарынан бірнеше штатта электр сымдары мұз болып қатқан. Осының кесірінен 700 мыңнан астам америкалық электр энергиясынсыз қалды.

Cirium аналитикалық компаниясының дерегінше, бұл қысқы дауыл Covid-19 пандемиясы басталғаннан бергі ең көп әуе рейсінің тоқтатылуына себеп болды. 26 қаңтарда елдің басым бөлігінде мектептер жабылып, оқушылар онлайн форматта білім алды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика