Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қызыл әскер медальоны 85 жылдан кейін Қазақстанға қайтарылады • Бұқарада Аралды қорғауға арналған кілем-үндеу таныстырылды • Жаңа адамдар Бұхарада кілемге бейнелеген үндеуін таныстырды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қызыл әскер медальоны 85 жылдан кейін Қазақстанға қайтарылады • Бұқарада Аралды қорғауға арналған кілем-үндеу таныстырылды • Жаңа адамдар Бұхарада кілемге бейнелеген үндеуін таныстырды •

    Асырап алынған Назгүл мен Құндыздың оқиғасы тараздық полиция назарына ілікті

    Асырап алынған Назгүл мен Құндыздың оқиғасы тараздық полиция назарына ілікті
    Әлеуметтік желіде тұрмыстық зорлық-зомбылық сипатталған видео тарады. Видео түсініктемесінде 12 бала асырап алған Тараз тұрғыны балаларын ұрып-соғып жатқаны айтылған. Сондай-ақ 10 баланың мүгедек екені де нақтыланады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Редакциямыз аталған жағдайға байланысты өңірлік полиция департаментіне жүгініп, сауал жолдады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 110-бабымен (Азаптау) сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынғаны белгілі болды.

    «Қазіргі уақытта қажетті тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Полиция қызметкерлері осы іске қатысты барлық мән-жайларды мұқият анықтап, зерделеуде. Толық және жан-жақты тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қатаң түрде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады», делінген полиция жауабында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →