Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давос қаласындағы Конгресс орталығына келді. Президент бұл жерде АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қояды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл халықаралық бастама жаһандық тұрақтылықты сақтау және қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне арналған. Қазақстанның осы құжатқа қол қоюы елдің бейбітшілікті қолдауға бағытталған сыртқы саяси бағытын айқындай түседі.
Ақорданың ресми хабарлауынша, салтанатты рәсім санаулы сәттерден кейін басталады. Бұл оқиға Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді рөлін көрсетеді.
Фото: t.me/aqorda_resmi
