«Жәнібек еш жерден шеттетілген жоқ, ол – әлі чемпион» – Әлімханұлының менеджері

«Қазақ стилінің» менеджері Берік Сұлтан қоғамдағы хейт пен сынға жауап қатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ол мұны әлеуметтік желідегі жазбасында мәлім етті.

– Біз жайында «мансаптың соңы» деп жазып жүргендерге айтарымыз: итке керегі – үріп жүру, бізге керегі – күліп жүру. Хейт пен сын болады, бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Бізге қуанғандар қателеседі. Әзірге ресми ақпарат жоқ. Қазір Жәнібек ешқайда шеттетілген жоқ, ол – әлі чемпион. Ресми шешім шыққаннан кейін ғана нақты қадам жасаймыз, – деп нақтылады менеджер.

Берік Сұлтан шынайы жанкүйерлеріне алғысын да айтты.

– Иә, жағдай болды, бірақ біз сынған жоқпыз, керісінше күшейдік. Біз міндетті түрде ораламыз. 38 жастағы Кроуфорд «Канелоны» жеңген. Бивол, Усик, Иноуэ – бәрі тәжірибелі. Лара да 40-тан асқан. Жәнібектің жасы небәрі – 33. Егер жарты жыл немесе бір жыл дисквалификация берілсе де, біз қайта келеміз. «Qazaq Style» әлі рингте жарқырайды. Ең жақсысы алда. Көңілдеріңізді түсірмеңіздер, – деді ол.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика