Фото: видеодан скрин
Әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі жазбаларымен көпшілікті ойға қалдырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Дәстүрлі ән өнерінің өкілі ана болудың салмағы мен жауапкершілігі жайлы ойымен бөлісті.
«Жан дүнием қырыққа бөлініп кетсе де, келесі күні қайта бойымды тіктеуге міндеттімін. Өйткені мен – анамын», – деп жазды ол.
Сондай-ақ әнші өмірдегі сынақтар туралы да толғанды.
«Бұл өмір – сынақ пен тағылым. Әр күн – жаңа мүмкіндік. Уақыт өтеді, ал жүректе қалған із мәңгі сақталады», – деп атап өтті өнер иесі.
Желі қолданушылары Наркенже Серікбаеваның жазбасына үн қосып, оған қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырды.
