Фото: Pixabay
Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы виза рәсімдерін жеңілдету және реадмиссия мәселелеріне қатысты келіссөздердің екінші кезеңі Астанада өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Еуропа елдеріне, оның ішінде Шенген аймағына виза алу тәртібі оңайлауы мүмкін7
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі виза рәсімдеу кезінде талап етілетін құжаттар санын азайтуды ұсынып отыр. Айта кетейік, келіссөздердің алғашқы кезеңі бұған дейін Брюссель қаласында өткен.
Қазіргі таңда Қазақстан 39 мемлекетпен визасыз режим орнатқан.
Сонымен қатар, 87 елдің азаматтары Қазақстан аумағына визасыз кіре алады. Ал 107 мемлекеттің азаматтарына елімізге электронды виза арқылы келу мүмкіндігі қарастырылған.
