Фото: Julian Finney/Getty Images
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Айта кетейік, аталған жарыста Рыбакина басты фавориттердің бірі саналады.
Алғашқы айналымда ол словениялық Кайя Юванмен (WTA рейтингінде 100-орын) кортқа шығып, 72 минутқа созылған кездесуде 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.
Енді қазақстандық теннисші екінші айналымда қазақстандық-франциялық Варвара Грачевамен кездеседі. Грачева алғашқы ойында швейцариялық Виктория Голубичті 6:1, 2:6, 6:1 нәтижесімен жеңген.
Айта кетейік, Australian Open турнирінде Елена Рыбакинадан бөлек тағы төрт қазақстандық теннисші ел намысын қорғап жатыр.
