Дания Трампқа қарсы көтерілді: «Америка, аулақ бол!» деген ұрандар айтылды

Дания мен Гренландияда мыңдаған адам АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны сатып алу ниетіне қарсы наразылыққа шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бір ғана Копенгагенде қалалық әкімдік ғимаратының алдына 20 мыңға жуық демонстрант жиналған. Олар қолдарына Дания мен Гренландияның туларын ұстап шықты.

Наразы топ «Kalaallit Nunaat!» (Гренландияның жергілікті атауы) деп ұрандап, сондай-ақ мынадай талаптар қойды:

«Гренландия – гренландтардікі!», «Гренландиядан қолыңды тарт!», «Трамп, аулақ бол!», «Америка, аулақ бол!»

Копенгагендегі шерушілер АҚШ елшілігіне қарай бет алса, мұндай акциялар Орхус қаласында да жалғасты.

Ал Гренландияның өзінде наразылық шарасы Нуук қаласындағы АҚШ консулдығының алдында өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика