Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматының құрметті азаматы Асылы Осман «Барыс» орденімен марапатталды Ақмола облысында 40 мал қорымын салуға 845 млн теңге бөлінеді Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды Алматының құрметті азаматы Асылы Осман «Барыс» орденімен марапатталды Ақмола облысында 40 мал қорымын салуға 845 млн теңге бөлінеді Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды

    АҚШ визаны тоқтатты: Сарапшы бұл шешімнің астарында не жатқанын айтты

    Экономист Алмас Шөкин АҚШ-тың 75 елге, соның ішінде Қазақстанға иммиграциялық виза беруді тоқтатуының экономикалық себептерін түсіндірді.

    АҚШ визаны тоқтатты: Сарапшы бұл шешімнің астарында не жатқанын айтты
    file_119.jpg

    АҚШ 75 елге, соның ішінде Қазақстанға иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатты. Экономист Алмас Шөкин бұл шешімнің астарында саясаттан да терең себептер жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Оның пікірінше, мәселе тек саясатта емес, Батыс елдерінің демографиялық және экономикалық тұрақтылығына да тікелей байланысты. Сарапшы Еуропадағы «шексіз гуманизм» идеясының сәтсіздікке ұшырағанын, енді Американың да бұл мәселеге жаңа көзқараспен қарап отырғанын алға тартты.

    «Батыс әлемдегі барлық босқынды физикалық тұрғыда қабылдай алмайды. Гуманизм екі жаққа да жұмыс істеуі керек. Өз үйінде тұрып жатқан халықтардың да өз өміріне құқығы бар», — деп жазды Шөкин Facebook парақшасында.

    Экономист Америка Құрама Штаттарының да осыған ұқсас мәселемен бетпе-бет келгенін атап өтті. Елге келген мигранттардың бір бөлігі тиісті рәсімдерден өтпестен, жылдар бойы заңсыз өмір сүреді. Олардың балалары тілі мен мәдениеті жағынан америкалық болып өскенімен, заңды мәртебесі болмайды.

    Шөкиннің ойынша, АҚШ-тың жаңа саясаты елге жай ғана келгісі келетіндерді емес, жүйеге «пайдалы» адамдарды: денсаулығы мықты, білімді әрі қалталы мигранттарды іріктеуге бағытталған.

    Дегенмен, сарапшы әзірге іріктеу критерийлерінің нақты еместігін, бұл шешімнен виза алу процесін бастап, бірақ аяқтап үлгермегендердің зардап шегетінін жеткізді.

    «Лотерея ұтып, бар мүлкін сатып, жұмысынан шығып кеткен көптеген адам енді не істерін білмей дал болады. Бұл шешім бір адамға ғана емес, тұтас отбасыларға, балалар мен олардың болашақ жоспарларына ауыр соққы болып тиді», — деп қосты ол.

    Фото: Envato Elements

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →