Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды • Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді • Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр • Қазақстанда бала күтіміне байланысты жәрдемақы алып отырған 11 мың ауқатты әйел бар болып шықты • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды • Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді • Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр • Қазақстанда бала күтіміне байланысты жәрдемақы алып отырған 11 мың ауқатты әйел бар болып шықты •

    Мен сөйлегенде Болат Назарбаевтың түрі бұзылып кетті (видео)

     

    Жұмбақ жағдайда қаза тапқан Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы Рысбек Сәрсенбаев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат беріп, елдегі ахуал және інісінің қазасы туралы бірқатар сұрақтарға кеңінен жауап берді. Сұхбат барысында ол «жылдағы дәстүр» бойынша Мақпал Жүнісованың шақыруымен Заманбек Нұрқаділовтың шаңырағында болған кезде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевпен дастархандас болғаны туралы айтып берді.

    – Біз кездескенде жанында соңғысы ма, әлде соңғысының алдындағы ма, тоқалдарының бірімен отырды. Бір-біріне анекдот айтып отырды. Анекдот айтатын жер емес қой. Кетіп те қалғым келді, бір дастарханда отыру жиіркенішті болды. Мақпал да, қасымдағы жігіттер де «дастарханнан үлкен емессің» деп жібермеді. Сосын «Болат қазақта «өз аяғыңмен келді ме, Құдай айдап келді ме» деген сөз бар. Енді мені мұқият тыңда! Жақсылап ұғып ал да, ана Нұрсұлтан ағаңа жеткізіп бар. Түрі бұзыла бастады. Содан мен Зәкеңнің мемлекетке, қазаққа, Алматыға сіңірген еңбегі туралы айттым. Және осындай азаматқа «өз-өзін үш рет атып өлтірді» деп жала жапты. Осыны айтқызып отырған сенің ағаң ғой. Өтірігін доғарсын, Зәкең тірі болса өз намысын өзі қорғар еді. Өзі жоқ, оның намысын біз қорғаймыз. Ағаңа айт, қылмыстық іс қозғап, қылмысты ашсын, бәрі үшін өзі жауапты. Осыны жеткізіп бар, – дедім.

    Рысбек Сәрсенбай Назарбаевпен жолыға қалса, осындай сұрақтарды өзіне тікелей қоятынын да жеткізді. Бұл сұрақтарды Ішкі істер экс-министрі Бауыржан Мұхаметжановқа да қойғанын жасырмады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →