«Жап-жас, сұлу енелер»: Жазира Байырбекова мен Динара Майғазиева елді сүйсіндірді (ФОТО)
Әнші Жазира Байырбекова Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиевамен бірге түскен ерекше фотосуреттерін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Келініне арнап бейнебаян түсірген өнер иесі Динарамен ара-қатынастарының өте жақын екенін атап өтті.
“Динара құрбым болса да, мына фотоға қарасаң кәдімгі ауылдағы абысындардың бірлігі мен жарасымын еске салады-ау шамасы. Құрбылық пен абысындықтың шекарасы білінбейтін, жылуы бөлек, сыйластығы ерекше сәт”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да бұл кадрларды жылы қабылдап, пікірлерін қарша боратты. Кейбірі тіпті Динараның аяғы ауыр болуы мүмкін деген болжам айтқан.
“Динара ханым жүкті ме”, “Сұлулық”, “Жап-жас енелер”, “Кішкене шынайылық жетіспей тұр”, – деп жазды олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
