Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Азиада-2026: Нұржан Батырбеков күміс жүлде еншіледі • Ауғанстанда жер сілкінді • Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жыл басынан бері 38 мыңнан астам қызмет көрсетті • «Ешқандай хайп емес»: Танымал блогерлердің шаңырағында не болып жатыр • Гимнасшы Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азиаданың финалына шықты • «Абыздың» терең қабаттары зерттелуде: «Қазақмыс» барлау бағдарламасын жыл соңына дейін аяқтамақ • Азиада-2026: Нұржан Батырбеков күміс жүлде еншіледі • Ауғанстанда жер сілкінді • Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жыл басынан бері 38 мыңнан астам қызмет көрсетті • «Ешқандай хайп емес»: Танымал блогерлердің шаңырағында не болып жатыр • Гимнасшы Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азиаданың финалына шықты • «Абыздың» терең қабаттары зерттелуде: «Қазақмыс» барлау бағдарламасын жыл соңына дейін аяқтамақ •

    Аягөзде мемлекет берген үй өртеніп, жалғызбасты көпбалалы ана баспанасыз қалды

    Аягөзде мемлекет берген үй өртеніп, жалғызбасты көпбалалы ана баспанасыз қалды

    Фото: видеодан скрин

    Абай облысының Аягөз қаласында мемлекет тарапынан жалға берілген тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға Жаңа көшеде орналасқан баспанада тіркелген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған үй жалғызбасты көпбалалы анаға уақытша пайдалануға берілген. Өрт шыққан сәтте көрші тұрғындар алғашқы болып көмекке келіп, қолда бар өрт сөндіргіш құралдармен жалынды ауыздықтауға тырысқан. Кейін оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жедел жетіп, тілсіз жау толықтай сөндірілді.

    Құтқару қызметі мен тұрғындардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің кең көлемде таралуына жол берілмеді. Абырой болғанда, адам шығыны тіркелмеген. Алайда тұрғын үй қатты зақымданып, отбасы уақытша баспанасыз қалды.

    Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Төтенше жағдай кезінде бейжай қалмай, қолдау көрсеткен тұрғындарға алғыс білдірілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →