Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бүгін Грэмми иегері Иманбек Зайкеновтың туған күні (ВИДЕО) • Петропавл – Көкшетау тасжолындағы апаттан қаза тапқандар саны төртке жетті • «Қазгидромет» 21 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Сауд Арабиясында Мекке мешітіндегі «әдепсіз әрекет» үшін екі бангладештік азамат жазаланды • Еуропадағы газ бағасы 1030 доллардан ашылды • Үш әйелді зорлағаны үшін 124 жылға сотталған Эндрю Ластер 20 жылдан кейін босатылды • Бүгін Грэмми иегері Иманбек Зайкеновтың туған күні (ВИДЕО) • Петропавл – Көкшетау тасжолындағы апаттан қаза тапқандар саны төртке жетті • «Қазгидромет» 21 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Сауд Арабиясында Мекке мешітіндегі «әдепсіз әрекет» үшін екі бангладештік азамат жазаланды • Еуропадағы газ бағасы 1030 доллардан ашылды • Үш әйелді зорлағаны үшін 124 жылға сотталған Эндрю Ластер 20 жылдан кейін босатылды •

    Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров лауазымды қызметке тағайындалды

    Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров лауазымды қызметке тағайындалды

    Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Танатаров Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Даңқты балуан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жалпы жиналысында аталған лауазымға сайланды. Федерация өкілдері оның спорттағы мол тәжірибесі мен жоғары жетістіктері отандық күрестің дамуына оң ықпал етеді деген сенім білдірді.

    «Спорттағы мол тәжірибесі, жоғары жетістіктері мен кәсібилігі отандық күрестің дамуына зор үлес қосады деп сенеміз. Ақжүрек Танатарұлына жауапты қызметінде табыс тілейміз», – делінген ресми хабарламада.

    Айта кетейік, Ақжүрек Танатаров еркін күрестен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ 2017 жылы әлем чемпионатында үшінші орын иеленіп, дәл сол жылы Азия чемпионатында жеңімпаз атанған.

    Спортшы 2018 жылы кәсіби спорттағы мансабын аяқтаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →