Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Жат ағымның жетегінде кеткендер» — Ақтөбеде қарақшылықпен айналысқан топ сотталды

    Ақтөбеде жат ағымның жетегінде кеткен сегіз адам сотталды. Қарақшылықпен айналысқандар тұрғындардың ақшасын тартып алып, көлігін иемденіп отырған, деп хабарлайды Qazaq.today ktk.kz.-ке сілтеме жасап. 

    Сотталушылардың сегізі де бұрын істі болған. Түрмеден шыққаннан кейін де бірге жүріп қылмыстық топ құрған. Былтыр жазда қала тұрғынын ұрлап кетіп, көлік жөндейтін орталыққа қамайды. Сол жерде ұрып-соғып, қорқытып, 2 миллион теңгесін тартып алған. Онымен қоймай, несие рәсімдетіп алыпты. Одан кейін тағы бір тұрғынды ұрлап кетіп, техникалық қызмет көрсететін орталықта әбден қинаған. Қарақшылар бірақ одан ақша таба алмайды. Тартып алар ештеңесі болмаған соң жәбірленушінің көлігін иемденген. Тергеушілер сотталушыларды деструктивті діни ағым өкілдері  деп отыр. Қарақшылықпен айналысқандар жеті мен тоғыз жыл аралығында жаза арқалады.

    «Күдіктілер бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтегеннен кейін адамдармен алдын ала сөз байласып, мүліктер мен ақшалай қаражатты Ақтөбе тұрғындарынан күш қолдану арқылы иемденген. Сот мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, оларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деді Ақтөбе прокуратурасының бөлім прокуроры Әсел Өтенова.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →