Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Жәнібек Әлімханұлы манбасын аяқтауы мүмкін

    Жәнібек Әлімханұлы манбасын аяқтауы мүмкін
    Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

    Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегі қазақстандық спортшының допинг-тексерісінен өте алмауына байланысты тоқтатылғаны белгілі. Осы оқиғадан кейін оның болашақ карьерасына қатысты түрлі пікірлер пайда болып, талқылаулар күшейді. Бұл туралы толығырақ Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Жұмабек Өмірзақов sportarena.kz порталына берген сұхбатында Жәнібектің жағдайына өз көзқарасын білдірген. Тексеру нәтижесінде WBO және IBF белбеулерінің иегерінің ағзасынан мельдоний табылған.

    Атап өтсек, жүрек қызметін жақсартады деп саналатын бұл препарат 2016 жылдан бері ресми түрде тыйым салынған. Бұрынғы бапкерлердің бірі, Назым Қызайбай да осы жайттан кейін Әлімханұлы үшін жоғары деңгейдегі кездесулер ұйымдастыру қиындайтынын айтады.

    “Бұл шешімге өзі келді ме, әлде командасындағылар бағыт берді ме – нақты айту қиын. Себебі ол Ларамен толық 12 раундтық айқас күтіп тұрғанын білді. Ал ондай қарсыласпен жұдырықтасу үшін тамаша төзімділік қажет. Жәнібек бұл дистанцияны соңына дейін апара алмайтынын сезген болуы мүмкін. Эрисланди – жасы 42 болса да, кубалық мектептің өкілі ретінде жылдамдығы жақсы, тәжірибесі мол боксшы. Сондықтан мельдоний қолданған болуы ықтимал. Енді оған қарсы шығуға ынталы боксшылар азаяды. Меніңше, ол өзі үшін ауыр шешім қабылдап қойды”, – дейді Жұмабек Өмірзақов.

    Ал “Қазақ стилі” деген лақап атпен танылған Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы жағдайға тосыннан жауап беріп, бұл заттың ағзаға қалай түскенін түсінбейтіндерін айтты. Біз бұған дейін допинг-тексерістен өте алмағаннан кейін Жәнібек Әлімханұлының ресми мәлімдеме жасағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →