Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Словакия құрамасына есе жіберді

    Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Словакия құрамасына есе жіберді

    Фото: ҚФФ

    Еуро-2027 іріктеу кезеңі асында Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы сырта алаңда Словакияға қарсы ойында 2:1 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Матч алғашқы минуттан-ақ қарқынды басталды.

    Бірінші тайымның 11-минутында Қазақстан сапынан Рамазан Бағдат Словакия  қорғанысының осал тұсын тауып, есеп ашты. Нәтижесінде бірінші тайым 1:0 ұпайымен жастарымыздың пайдасына аяқталған еді.

    Алайда екінші тайымда алаң иелері ойын тізгінін өз қолдарына алды. Матчтың 52-минутында Словакия құрамасынан Фиала гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Арадан 8-минут өткен соң Фиала кезекті мәрте есеп айырмасын ұлғайтып, дубль авторы атанды. Осылайша ойын 2:1 ұпайымен Словакия өз алаңдарында жеңіске жетті.

    Енді жастарымыз 18 қараша “Астана” аренада Молдова құрамасын қабылдайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →