Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    «Әншіден блогерге дейін бар»: Казиноға жарнама жасаған 34 танымал қазақстандық жазаланбақ

    «Әншіден блогерге дейін бар»: Казиноға жарнама жасаған 34 танымал қазақстандық жазаланбақ
    Фото: stan.kz

    Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) биылдың өзінде 34 отандық блогердің заңсыз онлайн-ойындарды жарнамалағанын анықтады,  деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Олар миллиондаған оқырманы бар парақшаларын пайдаланып, азаматтарды қаржылық тұзаққа түсірген. Агенттіктің мәліметінше, соңғы екі жарым жылда ел ішінде 205 жасырын казино жабылып, 224 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Дегенмен негізгі қауіп – шетелде тіркелген онлайн-казиноларда. Олар қолжетімділігі мен верификациясының жоқтығына сүйеніп, қарапайым азаматтарды құмар ойынға тартып, отбасыларды күйретіп отыр. Миллиондар тапқан блогерлер – халықты шығынға батырды Мысалы, блогер Мариям Құлжабаева («@oomariko») қарапайым стористерін небәрі 350 мың теңгеге бағалап, интернет-казиноларға шақырған. Ал оның жарнамасын көріп алданып қалған отбасылар миллиондаған қаржысынан айырылып жатыр.

    Тізімде сондай-ақ Зухра Хакіева, Диана Халметова, Әсем Аубакирова, Арина Байкова, Күмісай Айымбетова сынды танымал блогерлердің де аты аталады. Олар заңсыз жарнама үшін айыппұл төлегенімен, әрекеттерін қайта жалғастырып жүргені белгілі болды. Жүйелі түрде заң бұзғандар ҚМА дерегінше, заңды бір реттік емес, жүйелі түрде бұзатын блогерлер де бар. Олардың қатарында Қайсар Қамза, Шыңғысхан Көпбаев («Baller»), Айтмаханов Тәуіржан, Найль Турғанов, Диляра Аманқосқызы бар. Мәселен, Шыңғысхан Көпбаев жыл басынан бері бес рет жауапқа тартылса, Найль Турғанов онлайн-казино жарнамасы үшін 8 млн теңгеден астам қаржы алған. Ал Нұрғазы Тоқтаров («Nakonaу Qarapaiym») 15,8 млн теңгеге науқан жүргізіп, оның жартысына жуығын сол казиноның өзінде ұтылып қалған.

    Заң не дейді? Қазақстан аумағында «Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес онлайн-казино қызметіне толықтай тыйым салынған. Соған қарамастан, қазақстандық төлем жүйелері арқылы депозит толықтырып, қаражат шешу мүмкіндігі жасалып отыр. Агенттік мұндай «қаржылық делдалдарға» да құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →