Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Күдіктілер әлі бостандықта жүр»: Ақнәр Гүлстанның ісі қалай жүріп жатыр?

    «Күдіктілер әлі бостандықта жүр»: Ақнәр Гүлстанның ісі қалай жүріп жатыр?

    Фото: Ulysmedia.kz 

    2024 жылдың шілдесінде Алматыдағы көпқабатты үйдің 7-қабатынан құлап қаза тапқан 22 жастағы Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Марқұмның өкілі, адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) тергеушісіне берілген. Агенттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылғаннан кейін тергеушілер қайта аккредитациядан өтуі қажет болған.

    «Іс жабылған жоқ. Материалдар Антикор тергеушісіне тапсырылды. Аккредитация аяқталған соң тергеу белсенді түрде жалғасады», – деді адвокат.

    Сондай-ақ ол бұл іске қатысы бар делінген қыздардың қазіргі уақытта Алматыда жүргенін айтты. Бұған дейін, іс адвокатқа өткенге дейін олардың Қытайға жиі барып жүргені белгілі болған. Қазір күдіктілерге елден шығуға тыйым салынған.

    Алматы қалалық полиция департаменті де қылмыстық істің Антикорға жолданғанын растады.

    «Алматы қаласының прокуратурасы қылмыстық істің бағыныстылығын өзгертіп, материалдарды одан әрі тергеу үшін Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолдады», – делінген ресми хабарламада.

    Істің толық мән-жайын анықтау үшін Антикорға ресми сауал жолданды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →