Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды •

    Қазақ қызы «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді (ВИДЕО)

    Қазақ қызы «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді (ВИДЕО)

    Беларусь елінде дәстүрлі жыл сайынғы эстрада әншілерінің “Славян базары” байқауының қорытындысы шықты. Бас жүлдені отандасымыз Алмагүл Батталиева еншіледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    2025 жылғы байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның атынан қатысқан Алмагүл Батталиева Гран-при иегері атанды. Отандасымыз жалпы 137 ұпай жинады. Финалда ол “Вечность” әнін орындап, тыңдарманның жүрегінен орын алды.

    Алмагүл Батталиева – Жетісу облыстық филармониясының әртісі. Байқау барысында ол вокалдық тұрғыдан күрделі, әлемдік және ресейлік хит әндерді орындап, қазылар алқасын мықты дауысымен және харизмасымен тәнті етті.

    Бірінші орынды Беларусь елінің әншісі Валерия Бернатович жеңіп алды. Екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера бөлісті. Үшінші орын ресейлік Эрик Ахметов пен Қырғызстаннан келген Рыскелді Старбековке бұйырды.

    Еске салайық, былтыр Ерназар Жұбан “Славян базары” байқауында бірінші орын иеленген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →