Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң •

    Ризабек Айтмұхан халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

    Ризабек Айтмұхан халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
    97kg FS - Rizabek Aitmukhan (KAZ)

    Фото: uww.org

    Қазақстанның ең мықты балуандарының бірі Ризабек Айтмұхан Түркияның Коджаэли қаласында өткен еркін күрестен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Яшар Доғу, Вехби Емре және Хамит Капланды еске алуға арналған турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең үздік спортшылар қатысты және бұл жарыс олимпиадалық циклдегі ең беделді турнирлердің бірі болып саналады.

    Финалда қазақстандық балуан бұрын Ресейдің атынан өнер көрсеткен, қазіргі таңда Болгарияны танытатын Ахмед Магамаевты 7:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

    Бұған дейін осы турнирде әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов та жарқын жеңіске жетіп, 74 келі салмақ дәрежесінде финалда болгарлық Рамазан Рамазановты 5:0 есебімен тізе бүктірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →