Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді Германиядағы әлем чемпионатында Ерекешева үш бірдей финалға жолдама алды «1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытау облысында заңсыз марганец өндіріп келген қылмыстық топ ұсталды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді Германиядағы әлем чемпионатында Ерекешева үш бірдей финалға жолдама алды «1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытау облысында заңсыз марганец өндіріп келген қылмыстық топ ұсталды

    «Балқадиша» әнімен желі жұлдызына айналған палуан бала Димаштың концертінде өнер көрсетті (ВИДЕО)

    «Балқадиша» әнімен желі жұлдызына айналған палуан бала Димаштың концертінде өнер көрсетті (ВИДЕО)

    «Балқадиша» әнін орындап, желіде танымал болған жас спортшы бала Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсетті.

    Желі жұлдызына айналған баланың аты-жөні – Бекболат Иса. Оның орындауындағы әннің видеосы желіде кең таралып, жас орындаушының таза даусы мен вокалдық шеберлігіне қазақстандықтар ерекше ықылас білдірген.

    Жас спортшы Димаштың концертінде өзін танымал еткен «Балқадиша» әнін дүйім жұрттың алдында орындады.

    Желі қолданушылары Димаш Құдайбергенге жылы лебіздерін білдірді.

    «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген, Димашымыз інісін сахнаға шығарыпты. Браво!», «Күресті қойып ән айту керек секілді балаға», «Тіл көзден аман болсын! Керемет», «Інілеріне қолдау болатын ағалары көп болсын!», «Керемет, сөзім жоқ. Тек эмоция», — деп жазды желі қолданушылары.

    Айта кетейік, осыған дейін Атырауда бәстен жеңілген жас спортшы «Балқадиша» әнін айтып, TikTok жұлдызына айналғаны хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →