Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады •

    «Біреудің алдында ақталуға міндетті емеспін»: Әнші Жарқынай Ханайым алған атағына қатысты пікірі білдірді

    «Біреудің алдында ақталуға міндетті емеспін»: Әнші Жарқынай Ханайым алған атағына қатысты пікірі білдірді

    Танымал әнші Жарқынай Ханайым жақында ғана «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған болатын. Алайда бұл қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыған байланысты әнші өзінің парақшасында пікірімен бөлісті.

    Айта кетейік, Мейрамбек Беспаев, Дастан Оразбеков сынды әншілер бұл марапатты әлі күнге дейін алмаған. Әнші Әміре де ренішін жасырмады. Желі қолданушылары да Жарқынайдың бұл марапатқа әлі лайық емес екенін жазған еді. Бірақ өнер иесінің өзі бұл дауға нүкте қойғысы келеді.

    «Күшті көңіл-күйімді қолдана отыра соңғы оқиғаларға байланысты мені қолдаған оқырмандарыма алғысымды білдіргім келеді. Әңгіме айтқан сайын көбейе береді, сөз қуалаған сөздің түбіне жетпейді. Бақ шаба ма, бап шаба ма дейді. Осы жолы менің бағым шапқаны үшін мен біреудің алдында ақталуым тиісті емес деп ойлаймын. Себебі, барлық жер бетіндегі оқиға Құдайдың қалауымен болады. Жапырақ та оның қалауынсыз жерге түспейді. Ол үшін мен ақталуым керек деп ойламаймын. Тек жақсы нәрселерге көңіл бөлуге ниеттімін. Сіздерге де соны тілеймін», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →