Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу – Қошанов • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу – Қошанов • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты •

    «Қайрат» командасының үлесі: Ресей әскеріне қаржы жинаған танымал футболшы 12 жылға сотталуы мүмкін

    «Қайрат» командасының үлесі: Ресей әскеріне қаржы жинаған танымал футболшы 12 жылға сотталуы мүмкін

    Фото: Sports.kz

    Алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы футболшысы және Украина құрамасының экс-капитаны Анатолий Тимощукке өз елінде қылмыстық іс қозғалды. Киев прокуратурасының сайтында спортшының Ресей Федерациясына көмектесті деген күдікке ілінгені айтылған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

    Украина Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, Тимощук 2024 жылдың 8 қыркүйегінде өткен «Зенит» пен «Қайрат» арасындағы жолдастық кездесуге қатысқан. Украина тарапы бұл кездесу ресейлік әскерилерді қолдау үшін қаржы жинау мақсатында өтті деп есептейді.

                 Қаржыны қалай тапқан? 

    Ойыншылар алаңға Ленинград қоршауында құрбан болғандарды еске алуға арналған лента тәрізді стильденген жейделерді киіп шыққан. Ойын аяқталғаннан кейін бұл жейделер, оның ішінде Тимощуктің жейдесі аукцион арқылы сатылып, одан түскен қаржы Ресей Федерациясының Курск облысына жіберілді деген ақпарат бар. Тимощуктің жейдесі 700 мың рубльге сатылған көрінеді.

       Жазаның соңы ауыр болмақ

    Украина заңына сәйкес 111-2-бап бойынша күдікті 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

          Тимощук – Украинаның ең танымал футбол ойыншысы

    Анатолий Тимощук – Украина ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы, «Шахтер», «Бавария», «Зенит» және алматылық «Қайрат» клубының ойыншысы, 2015 жылы карьерасын аяқтады. Ол бұған дейін Ресейдің әрекетін айыптамағаны үшін көпшілік алдында сынға ұшыраған, ал енді қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →