Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты • «Қазақмыс» тоғыз айда атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды • Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі • Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу – Қошанов • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты • «Қазақмыс» тоғыз айда атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды • Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі • Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу – Қошанов • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі •

    Тәліптердің кезекті тыйымы: Ауғанстанда шахмат ойнауға болмайды

    Тәліптердің кезекті тыйымы: Ауғанстанда шахмат ойнауға болмайды

    Pixabay.com

    AFP агенттігінің мәліметінше, тәліптер шахматты «құмар ойын» қатарына жатқызып, оны ойнауға тыйым салды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Спорт департаментінің өкілі Атала Машвани «Талибан» Ауғанстанда шахмат ойнауға ресми түрде тыйым салғанын растады.

    Тәліптер шахматты 2024 жылы қабылдаған «Ізгілікті насихаттау және бұзақылықтың алдын алу туралы заңға» сәйкес тыйым салынған құмар ойындардың қатарына жатқызды.

    Бұл қадам — 2021 жылы билікке қайта келгеннен бері режим жүзеге асырып келе жатқан құқықтар мен бостандықтарды шектеу саясатының жалғасы. Бұған дейін Ауғанстанда музыка тыңдап, кино көруіне де тоқтау салынды.

    Ал Иран, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері сынды өзге мұсылман елдерінде шахматқа рұқсат етіліп қана қоймай, мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіледі.

    Бұған дейін тәліптер қыздардың жоғары білім алуына, әйелдердің рұқсатсыз үйден шығуына тыйым салған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →